Екі күннен кейін, яғни 1-ші қазаннан бастап Петропавлда жылыту маусымы басталады. Қала әкімі Серік Мұхамедиев тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жылу беру кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезекте қаладағы әлеуметтік нысандар жылумен қамтылмақ. Айта кетейік, қазірдің өзінде 80-нен астап мектеп, балабақша мен медициналық мекемеге жылу берілген.

Әлеуметтік нысандардан кейін көп пәтерлі үйлер орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылады. Олардың саны-1135. Жүктемені азайту мақсатында жылу кезең-кезеңмен берілетін болады. Жалпы, бүкіл қаланы 10 күн ішінде толықтай жылумен қамтамасыз ететін боламыз”, — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев өзінің әлеуметтік желідегі  парақшасында.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *