Қазақстандықтарға көлік нөмірлерін онлайн беруге рұқсат етілмек

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин автокөлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық айтты. Келер жылдан бастап қазақстандықтар мемлекеттік нөмірлерді онлайн бере алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Цифрландыру министрлігі қазақстандықтар үшін көптеген мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, ауқымын кеңейтті. Бүгінде олардың арасында автокөлікті сатып алу-сату және қайта рәсімдеу онлайн қызметі үлкен сұранысқа ие. Бұл Қазақстанның Ішкі істер министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды. Бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістіктің бірі — 2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар көлік нөмірін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алуы», — деп жазды Бағдат Мусин.

Бұрын көлік сатып алғанда, тіпті онлайн транзакция жасағанда да көліктің жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін арнайы ХҚО-ға келуі керек еді. Енді бұл қажеттілік жойылды.

Сонымен қатар министрлік сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасауды қолға алған.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы қалай?

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x