2024 жылғы 27 қаңтарда, яғни ертең Қазақстанның өңірлік онкологиялық ұйымдарында бірыңғай ашық есік күні ұйымдастырылып, әйелдерді онкогинекологтар тегін тексеруден өткізеді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазды Qazaqstan Media тілшісі.

Шара жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында өткізілмек. Бұл күні әйелдер жатыр мойны патологиясы бойынша онкогинекологтардан тегін кеңес алып, тексеруден өте алады.

Мамандарға қараламын деген солтүстікқазақстандық қыз-келіншектер СҚО, Петропавл қаласы М. Әуезов көшесі, 133 мекенжайында орналасқан Онкологиялық орталыққа бара алады. Шара уақыты сағат 09:00-13:00 аралығы.

Анықтама телефоны: 8(7152)350008, 466008.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Қозы көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *