Қазақстанда «Электрондық самокат» ұғымы енгізіледі

Қазақстанда алдағы уақытта «Электрондық самокат» ұғымы енгізіледі. Бұл жайында Сенатор Евгений Больгерт мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сенат«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады. Құжаттың мақсаты – қолданыстағы құқықтық олқылықтарды жою және электр самокаттарын пайдалану мәселелерін заңнамалық жағынан реттеу.

«Елімізде «Электрондық самокат» ұғымы енгізіледі. Көліктің бұл түрінің жоғары жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайды. Сонымен қатар, олардың қозғалысы үшін арнайы орын белгіленбек. Мұндай көлік құралымен жолдың оң жақ жиегімен қозғалуға рұқсат етіледі», – деді Сенатор Евгений Больгерт.

Самокатты 18 жасқа толған азамат тізгіндей алады. Жолда жүруі үшін кез келген санаттағы көлікті жүргізу құқығын растайтын құжат қажет.

Тағы оқыңыз: Қытай сайтынан тауар алдырып, кәсіп бастауға болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x