Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан. Ол бәрімізге белгілі — «Қазақстан Конституциясы» көшесі. Оның бойында 19-шы ғасырдан сыр шертетін тарихи ғимараттар да аз емес. Негізі әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілерге арналған жол — Копенгагеннің орталығында орналасқан Строгет сауда көшесі. Оның ұзындығы 1,8 метр. Ал теріскейдің күре тамыры саналатын бұл көшенің ұзындығы 2,5 шақырым, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан

19-20 ғасырларда Қызылжар қаласы маңызды сауда орталықтардың бірі болғаны белгілі. Қалада Еуропа мен Азияны байланыстыратын күре жолдар тоғысты. Ал қазіргі «Қазақстан Конституциясы» көшесі сол кездері «Вознесенский» деп аталды. Өйткені, қазіргі Погодина орыс драма театрының орнында   Вознесенский соборы болатын. 

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан

Дегенмен көше тарихы бұдан да тереңде жатыр. Оны өлкетанушы – Дәстен Баймұқанов Петропавл бекінісімен байланыстырды. Зерттеушінің айтуынша, 1750-1752 жылдары патша үкіметі жаңадан қорғаныс белдеуін салуы керек болады. Нәтижесінде Петропавл бекінісі бой көтерді. Кейін өз қызметін аяқтаған бекініс әскері де осында тұрақтап қалған. Ал орыс патшасы сауда-саттыққа рұқсат беріп, бұл жерде Бұқарадан, Самарқаннан, Қытайдан келген саудагерлердің басы қосылады. Осылайша, қалада сауданың көркі қызған. Жан-жақтан келген көпестердің әсерінен қаланың күре тамыры саналатын көше де ерекше ғимараттарға толды. Бұдан бөлек, мұнда 19 ғасырда салынған Бірінші гильдия көпесі Казанцев Григориидің үйі бар.

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан

«Оның төменгi қабатында тұрмыстық тауарлар дүкенi, ал екiншi қабатта кеңсе мен көпестiң үйi орналасты. Алғашында бұл ғимараттан Пушкин көшесiндегі Ганьшин көпестiң үйi алшақ тұрды. Кейiн көпес-көршілер екі үйді қосып бiр шатыр астында ортақ қойма жасады. Көпестердің   көптеп келуі қала үшін тиімді болды. Тіпті 1873 жылы Есіл мен Петропавл шаһарына жеке сәулетші бекітілген.  Нәтижесінде, осындай әдемі ғимараттар бой көтерді.  Ал мынау көшенің қақ ортасында орналасқан — сауда орталығы.  Cәулетті ғимарат 1916 жылы салынған. Бұрын бұл орын Сібір сауда банкі болған. Осының өзі сол кездері сауданың қаншалықты дамығанын көрсетеді», — дейді өлкетанушы Дәстен Баймұқанов.

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан

Қазір көшеде 2 кітапхана, театр және музей орын тепкен. СҚО тарихи-өлкетану мұражайының іргетасы сонау 1924 жылы қаланды. Ол бұрын көпес Л. Аркельдің иелігінде болған екен.

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан

«Біздің облыстық өлкетану музейінің ғимараты 19 ғасырдың соңында салынған көпес Аркель және Стрелов деп аталатын саудагерлердің дүкендері, үйі ретінде пайдаланылған. Облыстық өлкетану музейі өзінің қызметін 1924-ші жылдан бері атқарып келеді. Ал 1982-ші жылы бұл ғимарат музейге жалға берілді. 2005-ші жылы бұл жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді», — дейді облыстық тарихи өлкетану мұражайының қызметкері Еркебұлан Ахметжанұлы.

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан

Қазақстан Конституциясы көшесі Петропавлдағы ең танымал орындардың бірі. Шаһарға келген адам бұл жерге соқпай кетпейді, қысы-жазы кісі аяғы үзілмейді. Көк желекке көмкерілген шағын қаланы бұл көшесіз елестету мүмкін еместей.

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан

Тағы оқыңыз: Еліміздегі ХҚКО-тары жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды уақытша тоқтатады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *