Қазақстанда орташа айлық жалақының мөлшері өзгерді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, көрсеткіш 365 502 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында орташа жалақы мөлшері 240 779 теңгені құраған еді. Бүгінде ақша 365 мыңнан асып жығылады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 17 пайызды құрады. Статист мамандардың дерегінше, былтыр ақпарат және байланыс саласында жалақы 36 пайызға көбейген. Көлік және қойма шаруашылығы – 24, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7 пайыз; көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу 21,8 пайызға өзгерді. Білім беру саласы үшін өсім 10 пайызды құраса, денсаулық сақтауда 15 пайыздан асады.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға қоныс аударған астаналықтарға 4 млн теңге беріледі

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x