Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған астаналықтарға үй алу үшін 4 млн теңгеге дейін сертификат беріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осы күндері Астанада Солтүстік Қазақстан облысына көшіп барған азаматтарға қандай жағдай жасалатыны айтылуда. «Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Жамбыл ауданына қоныс аудару бойынша кеңестер беріліп жатыр. Теріскейге келген елордалықтарға тұрғын үй сатып алу үшін 4 млн теңгеге дейін сертификат беріледі. Отбасының әрбір мүшесіне 240 мыңнан астам мөлшерде субсидия төленеді. Сондай-ақ, 1 жылға дейін пәтер жалдау ақысы берілмек. Жеке ісін бастаймын деушілер 1 380 000 мың теңгенің өтеусіз грантын ала алады. Екі қолға бір күрек тапқысы келетін азаматтарға көмек көрсетіледі. Қазір 118 орын бос тұр. Жамбыл ауданы Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде
орналасқан. Ресейдің Қорған және еліміздің Қостанай облысымен, Мамлют, Есіл, Шал ақын және Тимирязев аудандарымен шектеседі. Ауданның жалпы ауданы 7,47 мың
шаршы шақырымды құрайды. Халық саны 22 мыңнан асады, оның 16,8 мыңы жұмыспен қамтылған.

Ауданда 14 діни бірлестік жұмыс істейді. Аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы. Жамбыл ауданының аумағында 12 автобус
бағыты ұйымдастырылған: 2 ауылдық, 1 қалааралық және 9 қалалық. Тағы
30 мектепке дейінгі білім беру мекемесі, 33 жалпы орта білім беретін мектеп, көркем сурет мектебі, кәсіптік-техникалық оқу орны, 6 мектеп-интернат бар.

Тағы оқыңыз: Айдарбек Сапаров: Сөрелерде отандық өнім аз

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x