Петропавлда эпилепсиямен ауыратын 56 жастағы ер адам 15 маусымнан бері хабарсыз. Сергей Татарников саяжай қоғамынан белгісіз жаққа шығып кеткен. Сондай-ақ, екі аптаға жуық уақыттан бері 43 жастағы Алексей Ковтун да табылмай жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

1967 жылы туған Сергей Татарников – Петропавл қаласының тұрғыны. 15 маусым күні ол Петропавл маңындағы Черемушки саяжай қоғамынан кетіп қалған. Бойы 160-162 см шамасында, орташа денелі, қысқа шашты, басының тыртығы және кеудесінде тату суреті бар. Сол күні үстінде сұр торлы жейде, сұр шалбар және көк түсті аяқ киім болған. 2,5 айдан бері табылмай жатқан ер адам ұстама ауруымен ауырады.

Ал, 43 жастағы Алексей Александрович Ковтун 27 шілде күні Петропавлдағы Жамбыл көшесіндегі үйінен түске таман шығып кеткен. Содан бері ер адамнан хабар жоқ. Бойы 168 см, дене бітімі орташа келген, қысқа шашты, сұр көзді, басында тыртығы бар. Үстінде хаки түстес футболка, қызыл жолағы бар қара шорты және сұр кроссовки болған.

Іздеу жарияланған адамдар жайында көрген-білгендер болса, 8 747 628 35 51 немесе 8 926 626 64 33 және 102 нөміріне хабарласа алады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда орташа айлық жалақы 365 мың теңгеден асты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x