Жаңа басқарманың құрылатындығын еліміздегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде жазды. Ол мұндай шешімді үкіметтің қолдағанын да жазған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Динара Зәкиева Instagram желісіндегі ресми парақшасында еліміздің әр өңірінде балалар құқығын қорғау басқармалары құрылатынын мәлімдеді.

«Құрметті достар! Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ең басты жаңалық – облыстарда балалар құқығын қорғау басқармасы, ал аудандарда бөлімдер құрылмақ. Бұл бастама мемлекет басшысының балаларды қорғау жүйесін күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыс жасайды. Және оны жүзеге асыру үшін біз мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің, Президент әкімшілігінің қолдауымен, ішкі саясат бөлімі мен бала құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп бір жыл бойы жұмыс істедік», — делінген жазбада.

Айтуынша, жаңа ұйым білім басқармасынан қорғаншылық, және қамқоршылық органдарын бөліп шығару арқылы құрылады. Осылайша, республикалық бюджеттен қаржы бөлудің қажеті болмайды екен.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда «ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары  шығарады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *