Солтүстікқазақстандық құтқарушылар су басуы мүмкін ауылдарды бақылауға алды. Тасқынның алдын алу шараларын жүргізу үшін облыстық төтенше жағдайлар департментінің бір тобы Ғ. Мүсірепов ауданына аттанды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Ауданға жол тартқан төтенше жағдайлар қызметкерлері қайық, дрон, су сору құрылғыларымен өтімділігі жоғары арнайы автокөлікпен қамтылған. Олар адамдарды құтқару және эвакуациялау, кіші өзендерде мұз жару, су тасқыны жағдайының мониторингі жасау сынды жұмыстарды атқарады. Олар Рузаевка және Чистополье селоларына орналасады.
«Ғабит Мүсірепов ауданында 12 ауылды су басуы мүмкін. Ол жаққа 13 маман жіберілді. Ауылдарға қазір еріген қар суы мен өзендер қауіп төндіріп тұр. Жалпы төтенше жағдайлар департаментінде 9 құтқару тобы құрылған. Олар Айыртау және Тимирязев аудандарына жіберіледі»,- деп нақтылады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлдан миллион текше метрден астам қар шығарылды