СҚО-да төрт мыңға жуық мектеп түлегі тал екті

Солтүстік Қазақстанда мектеп түлектері республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда. Олар экологиялық шара аясында 3800-ге тарта көшет егіп, көгалдандыру жұмыстарына ат салысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Тал егу акциясы алтыншы мамыр күні республика бойынша ұйымдастырылды. «Түлектердің ағаш отырғызуы» деп аталатын эко-челленджге өңіріміздің тоғызыншы және он бірінші сынып оқушылары қатысты. Олардың көмегімен теріскейде 3800-ге жуық жасыл желек егілді.

«Балалар қайың, шырша, қарағай, шие  және тағы басқа ағаш түрлерін отырғызды. Жалпы челленджге 3926 түлек қатысты. Олардың 656-сы 9 сынып, қалған 3270-сі 11 сынып оқушылары. Шара өңіріміздегі барлық орта білім беру мекемелерінде ұйымдастырылды», — деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық оқушылар «Балдәурен» орталығында демалады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x