Белгісіз сұйықтықты ішкен үш ер адам ауыр халде ауруханаға түскен.  Өкінішке қарай, олардың екеуі қайтыс болды. Үшінші науқастың жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға өткен демалыс күндері болған. Үш ер адам жедел медициналық жәрдем көрсететін көпбейінді қалалық ауруханаға ауыр улану белгілерімен жеткізілген. Оларды ауруханаға алып келген адамдардың айтуынша, үшеуі түскі уақытта шығу тегі белгісіз тұнбаны ішкен. Көп ұзамай жағдайлары нашарлаған.

Науқастардың барлығының тыныс алуы қиындап, айналасындағылармен байланысы бұзылған. Ал бір ер адам бірнеше рет құсқан. Дәрігерлер барлық медициналық көмекті көрсеткендерімен, науқастардың бірі ауруханаға түскен күні көз жұмды. Екіншісі үш тәуліктен кейін қайтыс болды. Үшінші ер адам әлі де өте ауыр жағдайда жатыр.

Медицина мамандары белгісіз сұйықтықтар мен қолдан жасалған тұнбалардың адам өміріне қауіпті екенін ескертеді. Олардың құрамында ағзаны қатты уландыратын заттар болуы мүмкін. Тіпті үй жағдайында дайындалған сусындар да қауіпсіз деген сөз емес. Құрамындағы заттардың мөлшерін дұрыс есептемеу немесе дайындау тәсіліндегі қателік қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Петропавлда туристерге қаланы таныстыратын гидтер арнайы дайындықтан өтуде

Поделиться:

Shares