Петропавлда дзюдодан ел чемпионы Назгүл Маратова құрметке бөленді. Өңір намысын абыроймен қорғаған чемпионға 300 мың теңгенің сертификаты табысталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстан облысында дзюдодан ел чемпионы Назгүл Маратова мен жаттықтырушысы марапатталды. Чемпион қыз бәсі биік додада қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды. Жеңіс жолында төрт қарсыласпен кездесіп, жауырынын жер иіскетті.
Марапаттау рәсімі барысында Назгүл Маратқызына, сондай-ақ оның жаттықтырушылары Нұрлан Ерғазиновке, Дәурен Нұрғожинге салаға қосқан елеулі еңбектері үшін Алғыс хат табысталды.
«Чемпионға зор денсаулық, жаңа жеңістер тілеймін. Алдағы уақытта да өңір намысын абыроймен қорғайтынына кәміл сенеміз», — деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанова.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-zhastary-adam-koep-zhueretin-sayabaqty-kuel-qoqystan-tazartty/

