Облыстың белсенді жастары Петропавлдағы Бөкетов пен Интернационал көшелері арасындағы шағын саябақты жинады. Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Петропавлда кезекті рет тазалық шарасы өтті. Қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарай алмайтын жастар бұл жолы Бөкетов пен Интернационал көшелері арасындағы шағын саябақты жинады. Айта кету керек, бұл аумақта адамдар көп жүреді.
Адам көп жүргендіктен аталған төңірек жиі ластанады. Айналада балмұздақ қаптамасы, сусындардың ыдысы сынды қалдықтар қаптап кеткен. Солардың барлығын белсенді қыз-жігіттер жерден алып, арнайы қаптарға салды.
«Аса керекті, маңызды шара ұйымдастырып жатырмыз. Осы жерде тұрғындар аумақтың тазалығына үлес қосса екен деймін. Себебі, көктемнен бері саябаққа 5-ші рет келіп, балалармен жинаудамыз», — деді СҚО жастар ресурстық орталығының маманы Гүлбақыт Байбосынова.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 8,7 мың адам банкроттыққа өтініш берген, тек 1,7 мыңы қарызынан құтылды

