19 қыркүйек пен төртінші қазан аралығында Жапонияда XX жазғы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі додаға қатысатын солтүстікқазақстандық спортшылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысының сегіз спортшысы Қазақстан құрамасы сапында Азия ойындарына қатысады.
XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтеді. Құрлықтық додада жерлестеріміз спорттың бірнеше түрінен сынға түседі.

Атап айтқанда, бокстар Наталья Богданова 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайды. Ислам Евлоев грек-рим күресінен 97 келі салмақта белдеседі. Жеңіл атлетикадан Михаил Литвин, ал велоспорттан Данияр Шаяхметов, Николя Винокуров, Елизавета Склярова және Алексей Луценко өнер көрсетпек. Айзара Жұмабекова болса брейкингтен бақ сынамақ.

«Солтүстікқазақстандық спортшылар Азия ойындарында бұған дейін де жүлде алған. 2023 жылы Ханчжоуда өткен жарыста Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль иеленді. Наталья Богданова бокс­тан, ал Артем Захаров велоспорттан қола жүлдеге қол жеткізді», — деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Тағы оқыңыз: «Қызылжар-2013» командасы Черногорияда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *