Солтүстік Қазақстан облысында Айыртау ауданындағы құрылысқа бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. «Сырымбет» кен орнындағы құрылыс жұмыстары барысында 380 млн теңге қолды болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2017 жылы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Akcent KZ» ЖШС-мен келісімшарт жасаған. Мердігер «Сырымбет» кен орнына дейін теміржол кірме жолын және инженерлік желілерді салуы тиіс болған. Жобаның жалпы құны 1,4 млрд теңгеге бағаланыпты. Құрылыс 2018 жылы аяқталуы керек еді. Алайда мерзім бірнеше рет ұзартылған. Соған қарамастан, нысан әлі күнге дейін толық аяқталмапты. Тергеу мәліметінше, іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құны 380 млн теңгеге жеткен.

Іс бойынша мердігер компанияның басшысы мен Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы күдікті деп танылды. Сот санкциясымен үш пәтер мен бір автотұрақ орнына тыйым салынған.

Тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

«Сырымбет» кен орны Қазақстандағы жалғыз және Орталық Азиядағы ең ірі қалайы кен орны саналады.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық Назгүл Маратова дзюдодан ел чемпионы атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *