Солтүстікқазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова ел чемпионатында топ жарды. Ол жеңіс жолында төрт кездесу өткізген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жуырда Орал қаласында дзюдодан ел чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық спортшы қатысты. Барлығы «сен тұр, мен атайын» дейтін мықтылар.
Бәсі биік додада жерлес спортшы Назгүл Маратова чемпион атанды. Ол жеңіс жолында төрт белдесу өткізді. Дәлірек айтсақ, Атырау, Астана қалалары мен Жетісу облысы және Батыс Қазақстан облысы палуандарының жауырын жер иіскетті. Енді Назгүл ел намысын әлемдік аренада қорғайтын болады.
Тағы оқыңыз: К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті СҚО-дағы өкілдігінің ұжымы студенттермен кездесті

