Үйрек, қаз бен қасқалдақ. СҚО-да тамыздың соңғы сенбісінде күзгі аңшылық маусымы бастау алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Үш айға созылатын кезеңде тек суда жүзетін құстарды ғана атуға болады. Құс атуға шыққан солтүстікқазақстандықтар өздерімен бірге тиісті құжаттарын алып жүруі қажет. Атап айтқанда, аңшылық билетін, қару ұстауға рұқсат қағазын және аңшылық шаруашылықпен жасалған келісім шартын ұмытпауы тиіс. Соңғысында қандай және қанша аң-құсты атуға болатындығы жазылады.
Аңшы келісім шартта жоқ аңды немесе құсты атып алса, ауыр жаза тағайындалады.
«Талапқа мойынұсынбағандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Инспекциямызда арнайы топ бар. Олар әр ауданды тексеріп, тәртіпті бақылайды», — деді СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов.
Тағы оқыңыз: 2027 жылы ең төменгі айлық өзгеріссіз қалса, ең аз зейнетақы – 75 мың теңгеге жуықтайды

