Жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты ел бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға рақымшылық жасау асырылып жатыр. Петропавл қаласында рақымшылық 145 адамға қолданылады, деп жазады Qazaqstan Media.
Рақымшылық аясында сотталғандар жазасын әрі қарай өтеуден босатылады, жаза мерзімі қысқартылады, соттылығы алынады. Ал кейбір жағдайларда қылмыстық істер тоқтатылады.
Петропавл қалалық пробация қызметінің мәліметінше, рақымшылыққа іліккендердің 33-і жазасын толық өтеуден босатылады. Ал 112 адамның жаза мерзімі қысқартылады. Рақымшылықтың қолданылу тәртібі әр сотталғанға қатысты жеке қаралады. Ол жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты болады. Сонымен қатар сот үкімімен белгіленген келтірілген шығын толық өтелуі тиіс. Қазіргі таңда Петропавл қаласының пробация қызметінде 370 адам есепте тұр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда елдің ең мықты жас балуандары анықталуда

