Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының 44-тармағына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ тұтынушылардың назарына 2026 жылғы 1 тамыздан бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының ҚҚС-сыз 35,08 теңге/кВтсағ немесе ҚҚС-ты есепке алғанда 40,69 теңге/кВтсағ мөлшеріне дейін алдағы уақытта көтерілетіні туралы ақпаратты жеткізеді, соның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:
— 1-топ — тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтерді көрсетумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін электр энергиясын пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар — ҚҚС-сыз 17,14 теңге/кВтсағ (жеке тұлғалар).
— 2-топ — электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтардан тыс мақсаттарда пайдаланатын тұтынушылар — ҚҚС-сыз 38,46 теңге/кВтсағ (басқа тұтынушылар).
— 3-топ — мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар — ҚҚС-сыз 62,06 теңге/кВтсағ (бюджеттік ұйымдар).
— 4-топ — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың тұтынушылары — 35,08 теңге/кВтсағ (ӘМАТ/АРЗ).
2026 жылғы 1 тамыздан бастап электр энергиясымен жабдықтау тарифінің көтерілуінің негізгі себептері:
1) «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру тарифінің ҚҚС-сыз 1кВтсағ үшін 13,65 теңге мөлшерінде өсуі.
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі №76-ӨД бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 мамырдан бастап «КЕГОК» АҚ Ұлттық желісін пайдаланудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің ҚҚС-сыз 3,216 теңге/кВтсағ құрап, өсуі.

