Қазақстанда мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібі күшейтіледі. Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бітіру кештерін мектептен тыс жерлерде өткізуге жол берілмейді, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге қатысты талаптарды нақтылады. Осыған байланысты бірлескен бұйрық қабылданады.
Жаңа талаптар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Құжатқа сәйкес, аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бітіру кештерін мектептен тыс жерлерде өткізуге жол берілмейді
Сондай-ақ білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақша жинауға және өзге де материалдық құндылықтарды талап етуге қатаң тыйым салынады.
Ал ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мектеп бітірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау жүктелді.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы ауылдардың 93 пайызы сапалы интернетпен қамтылған

