Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Қаратал ауылы спирттік ішімдіктен бас тартқан ауылдардың қатарына қосылды. Ел тұрғындарының  жиыны өтіп, онда «Салауатты өмір салтын ұстанатын ауыл» бастамасын қолдау туралы шешім қабылданған, деп жазады Qazaqstan Media.

Жиын «Ауылдағы тәртіп: жолдарды жөндеуден аула тазалығына дейін» тақырыбында өтті. Оған Николаевка ауылдық округінің әкімі, полиция өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен ауыл тұрғындары қатысты. Барлығы 50-ден астам адам жиналды.

Талқылау қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары Қараталды «ішімдік ішпейтін ауылдардың» қатарына қосу ұсынысын бірауыздан қолдады. Маңызды сәттердің бірі — жиынға аудан прокуроры, Есіл ауданы әкімінің орынбасары және полиция бөлімінің бастығының қатысуы болды. Олардың қолдауы ауыл тұрғындарына: алкогольден бас тарту — тыйым емес, ол отбасындағы тыныштық, қауіпсіздік және балалардың жарқын болашағы үшін жасалған саналы таңдау екенін көрсетті.

Жиыннан кейін ауыл тұрғындары скандинавиялық жүріспен ауыл көшелерімен жүріп өтті. Бұл олардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ниетін айқын көрсетіп, бастаманың рухын күшейтті.

Қаратал тұрғындары челленджді Мамлют ауданына жолдап, көршілерін де бастаманы қолдауға шақырды.

Қаратал Есіл ауданындағы ресми түрде «Салауатты өмір салтын ұстанатын ауыл» қатарына қосылған төртінші елді мекен болып табылады.

Тағы оқыңыз: Жаңа Конституцияны қабылдау республикалық референдумының жоспары бекітілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *