Кейбір отбасылар үшін бала сүю алыс арман, әрі қол жетпестей көрінеді. Алайда заманауи медициналық технологиялар мен мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл арман шындыққа айналуда. Елімізде бірнеше жылдан бері табысты жүзеге асырылып келе жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы көптеген отбасыларға ата-ана болу бақытына қол жеткізуге мүмкіндік берді, деп жазады Qazaqstan Media.

2025 жылы өңірге қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ) процедураларын жүргізуге 174 квота бөлінді. Бұл көптеген жұптарға қаржылық қиындықсыз сәби сүюге жол ашты.

Бағдарламаның тиімділігі өткен жылдардағы көрсеткіштермен дәлелденіп отыр:
2021 жылы – 217 квота, 110 бала дүниеге келді
2022 жылы – 201 квота, 70 сәби туды
2023 жылы – 190 квота, 89 босану тіркелді
2024 жылы – 169 квота, 65 бала дүниеге келді
2025 жылы – 110 квота бөлінді, нақты көрсеткіш кейін белгілі болады. Себебі кейбір сәбилер биыл дүниеге келеді.

Соңғы бес жылда солтүстікқазақстандықтар үшін барлығы 887 квота бөлініп, нәтижесінде 334 бала дүниеге келген. Бұл репродуктивті медицина саласы үшін өте жоғары көрсеткіш саналады. 

Петропавл қаласындағы перинаталдық орталықта репродуктологтар, акушер-гинекологтар және генетик-дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Мамандар пациенттермен алғашқы кеңестен бастап нәтижеге дейін барлық кезеңде жұмыс істейді. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда есірткі таратумен айналысқан екі жігіт ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *