Қазгидромет мамандарының болжамы бойынша алдағы қыс айтарлықтай жылы болады. Қар да жылдағы нормаға сәйкес түседі. Қазгидромет қызметкерлері 2025 -2026 жылдың қысы қандай болатынын айтты, деп жазады Qazaqstan Media.
Алдағы қыс Солтүстік Қазақстанда айтарлықтай жылы болады. Кей кезеңдерде қар қалың жауғанымен, жалпы маусымда жауын-шашын нормаға сәйкес болмақ. Боран, жел, тұман, көктайғақ та болжанып отыр. Әр айға синоптиктердің болжамын ұсынатын болсақ, желтоқсанда орташа ауа температурасы -11-13 градус шамасында болады. Бұл нормадан бір градусқа жоғары, дейді мамандар.
«Желтоқсанда жылы және суық ауа массалары жылдам ауысатын болады. Кей күндері қар жауып, боран болса, кейде қар аралас жаңбыр жаууы да ықтимал. Көктайғақ та болады. Күндіздің өзінде– 30-35 градус аяз тіркелетін күндер де болжанып отыр»,- дейді синоптиктер.
Қаңтарда орта Атлантикалық циклон жүреді. Бұл күндері жел күшейіп, бұрқасын болады. Ай соңында аяз күшейе түседі.
Ақпан айында -12-14 градус болады, бұл нормадан екі градусқа жылы. Айдың алғашқы күндері аяз сақталғанымен, орта кезінде оңтүстік және солтүстік-батыс циклондарының араласуынан күн жылынып, қар аралас жаңбыр түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Бұл ауа райы болжамы тек консультативтік болып саналады. Нақты болжам қысқа мерзімге жасалғанда анықталады. Ауа райының күрт бұзылуы, дауылды ескертулер жайында метеорологтар алдын-ала ескерту жасады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Республика күніне орай бірнеше нысан іске қосылады