Жаңа алаң, жаңа мүмкіндік! Олимпиада резервіндегі мамандандырылған «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер споро мектебінің футбол алаңы жаңартылудан кейін қолданысқа берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бастама «ALAN» жобасы аясында жүзеге асты. Шараға «Жеңіс» және «Қызылжар» спорт мектебінің жас тәрбиеленушілері қатысты. Ашылу салтанатынан кейін жеткіншектерге сыйлықтар табыс етілді.

«Бүгін футбол федерациясының көмегімен алаң жөндеуден өтіп отыр. Футбол жаңашырларына облыстың атынан алғыс білдіргім келеді. Алдағы уақытта да сіздермен тығыз қарым-қатынаста болып спорт обьектілеріне жаңаруына атсалысып, куә болатынымызға сенімдіміз», — СҚО дене шынықтырк және спорт басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанова.
Бұл — облыстағы «ALAN» жобасы аясында жаңартылған екінші алаң. Бұған дейін Петропавлда 153 млн теңгеге «Динамо» стадионында жасанды футбол алаңы пайдалануға берілген болатын. Ал бүгін қолданысқа берілген шағын стадионның құны 177 млн-нан асып жығылады. Жобаның басты мақсаты — бұқаралық спортты дамыту.

«Футбол алаңы «UEFA» талаптарына сай жаңартылды. Қақпалардың қауіпсіздігіне баса мән бердік. Ол да еуропалық стандартқа сәйкес келеді. Алаңның ұзындығын 95-тен 98 метрге, ал енің 6 метрге кеңейттік, — деді «ALAN» жобасының жетекшісі Сергей Попов.
Тағы оқыңыз: СҚО-да шетелдік азамат жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен