«Астана-Петропавл» республикалық жолының Рощинское ауылының маңында қайғылы оқиға орын алды. «LADA Granta» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнына қашып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ауыр жарақат алған 59 жастағы ер адам бірден ауруханаға жеткізілді. Бірақ өкінішке қарай, келесі күні ол қайтыс болды. Полицейлер жол-көлік оқиғасына қатысы бар күдіктіні бір күн ішінде анықтады.
Кінәлі ер адам көршілес облыс аумағында жасырынып жүрген. Тексеру жұмыстары барысында оның Ресей азаматы екені анықталды.
«Полицейлер оқиғаға қатысы бар 37 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, жыл басынан бері өңір жолдарында 40 адам көз жұмған.
Тағы оқыңыз: СҚО элеваторлары 47 пайызға толық