Солтүстік Қазақстанда «Солтүстік» ӘКК-нің сегіз  сауда нүктесі бар. Оның жетеуі Петропавл қаласында, біреуі Қызылжар ауданының Бескөл ауылында орналасқан. Бұл сауда нүктелерінде сиыр еті 3100-4200 теңгеден саудалануда. Бағаның тұрақты болуын арнайы топ бақылап отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Тұрақтандыру қорының тауарлары қаладағы 35 дүкенде де сатылады. Өнімдер күн сайын жеткізіледі.  Ал супермаркеттерге апта сайын үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) тасымалданады.

19 қыркүйек 2025 жылға арналған тұрақтандыру қорының бағалары:

қарақұмық – 190 тг/кг;

күріш «Лидер» – 420 тг/кг;

ұн (әртүрлі өндірушілер) – 260–280 тг;

жұмыртқа (10 дана) – 420 тг;

макарон өнімдері – 250–285 тг;

өсімдік майы – 710–735 тг;

қант – 470 тг;

картоп, қырыққабат – 115 тг/кг;

сәбіз – 125 тг/кг.

Сонымен қатар, мониторингтік топтар ет бағасын күнделікті қадағалап отыр. Қала базарлары мен супермаркеттерінде сиыр етінің бағасы 3100–4200 теңге аралығында. Ет өнімдері ауыл шаруашылығы өндірушілерінен тікелей жеткізіледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға арналған жаңа заң шығады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *