Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары жастарды дұрыс тамақтануға шақыру мақсатында шара өткізді. Табиғат аясында өткен жиынға санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің өкілдері арнайы шақырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Ас — адамның арқауы». Бірақ, бұл мақалдың мағынасын жастардың дені түсінбейді. Қазіргі қыз-жігіттердің көбі денсаулыққа зиян келтіретін фаст-фудқа құмар. Олардың ойын өзгертіп, дұрыс тамақтанған жөн.

Сол үшін қалалық жастар орталығының мамандары ерекше шара өткізді. Табиғат аясында ұйымдастырылған жиынға санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің өкілдері арнайы шақырылған. Олар қатысушы жандарға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтты.

Тамақтанғаннан кейін бірден ұйқыға жатпаған жөн. Далада жүріп, асты қорытқан абзал. Ұйымдастырушылар тек кеңес берумен ғана шектелмеді. Спорттық және викториналық ойындар да ойнатып, жастардың көңіл-күйін көтерді.

Петропавлдық жастарды дұрыс тамақтануға шақырған шара
Петропавлдық жастарды дұрыс тамақтануға шақырған шара

«Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатыр. Бұл басқосуды тегіннен-тегін ұйымдастырып отырған жоқпыз. Әлемдегі әр 8-ші адам семіздікке шалдыққан. Олардың басым көпшілігі — жастар. Фаст-фудты көп тұтынған адам семіздіктен бөлек, жүрек аурулары мен қант диабетіне шалдығуы мүмкін. Сондықтан, ұл-қыздардың тез дайындалатын тағамдарға деген ойын өзгерткіміз келеді. Біздің басты мақсатымыз — дені сау орта қалыптастыру»,- деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Тағы оқыңыз: Анна Стратан — әлем чемпионатының қола жүлдегері

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *