Жезқазған-Петропавл” тасжолына “ҚажСервис” ЖШС жауапты. Алайда жолдың сапасы көптің көңілінен шықпайды. Жақында аталмыш жолда екі бірдей ірі жол апаты болған еді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтар күні “Жезқазған-Петропавл” тасжолының бойында бір күнде екі ірі жол апаты тіркеліп, екі адам қайтыс болған еді.

Тұрғындар жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне аталмыш жол учаскесінің дұрыс тазартылмауы және сапасының нашар болуы себеп дейді. Мамандардың сөзінше, қазіргі уақытта бұл тасжолда тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Және жауапты компания басшылығына олқылықтарды жою туралы тапсырма берілген.

Жол апатынан кейін “Жезқазған-Петропавл” тасжолының участкесіне барып, жиналыс өткіздік. Жол тазалығына жауап беретін компания өкілдеріне тапсырма берілді. Егер олқылықтар жойылмаса серіктестік басшылығына айыппұл саламыз. Қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр”, — деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы басшысының орынбасары Қанат Өсербаев.

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x