СҚО-да оқушы қызды анасының достары зорлап кеткен

Солтүстік Қазақстанда мектеп оқушысын зорлап кеткен. Кәмелетке толмаған қызды анасымен қосылып ішімдік ішкен достары қорлаған. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға Тайынша ауданында қаңтардың 18-і күні болған. Бүгіндері аудандық полиция бөлімі аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Іс ҚР ҚК 120 бабы 3 бөлігі бойынша қозғалды. Белгілі болғандай, оқушы қызды анасының достары зорлаған. Олар бірігіп ішімдік ішкен екен», — деп хабарлады облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Ең сорақысы сол,  2023 жылдың желтоқсанында мектеп ұжымы Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға оқушы қыздың маскүнем анасын ата-ана құқығынан айыру туралы өтініш тастаған. Алайда, мәселе қылмыс жасалғаннан кейін, яғни осы жылдың қаңтар айында ғана қаралды.

Тағы оқыңыз: СҚО мектептерінде оқушылар тыйым салынған сайттарға еркін кіріп жүрген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x