Николаевка ауылында балалар алаңқайы салынып жатыр

Биыл Есіл ауданындағы Николаевка ауылында балаларға арналған ойын алаңы пайда болады. Оның құрылысына «Рустикус» ЖШС 20 млн теңгеге жуық қаражат жұмсаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Николаевка ауылындағы «Рустикус» ЖШС-і 5702 га жерге иелік етеді. Биыл шаруашылық соның 3611 гектарына дән сепкен. Бүгіндері мұнда 60-қа жуық адам еңбек етеді. Қазір олар орақ науқанына кірісіп кеткен. Серіктестік басшысы Асхат Барлыбаев ауыл шаруашылығын дамытып қана қоймай, елді мекеннің өркендеуіне де өз үлесін қосып келеді. Осы уақытқа дейін ол Николаевка ауылының көшелеріне жарық шамдар орнатып, ауылішілік жолдарды жөндеуге ат салысқан. Мұнымен қоса, кәсіпкер қайырымдылық шараларына белсене қатысып, оқушылар мен ардагерлерге үнемі қолдау көрсетіп отырады.

«Әсіресе, қарттар күні және 9 мамырда ардагерлерді назарсыз қалдырмайды. Сондай-ақ,  «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға көмек көрсетіп, лагерьге жолдама әперіп отырады. Былтыр ауылдағы «Бөбекжан» балабақшасын сумен қамтамасыз етуге ат салысып, балғындарға ойыншықтар алып берді. Елді мекендегі хоккей кортына қажетті спорттық жабдықтар алынды. Оған шаруашылық 2 млн теңгеден астам қаржы жұмсады», — деді Николаевка ауылдық округінің әкімі Нұрбек Сапаров.

Жалпы, өткен жылы кәсіпкер ауылдың дамуына 10 млн теңгеге жуық қаржы бағыттаған. Ал биыл, елді мекенде балалар алаңқайын орнатып жатыр.

Николаевка ауылында балалар алаңқайы салынып жатыр

Николаевка ауылында балалар алаңқайы салынып жатыр

Николаевка ауылында балалар алаңқайы салынып жатыр

Николаевка ауылында балалар алаңқайы салынып жатыр
Николаевка ауылында балалар алаңқайы салынып жатыр

«Балалар алаңқайын орнатуды 1 ай бұрын бастадық. Бірден белгіленген аумақты қоршап, қажетті қондырғыларды жеткіздік. Әзірге, тек карусель мен сырғанақтарды ғана қойып үлгердік. Алдағы күндері тағы әткеншектер әкелеміз. Сосын ойын алаңқайына резеңке төсеніш төселеді. Ол балғындардың қауіпсіздігі үшін керек. Шаруаны жақын күндері аяқтаймыз деп ойлаймын», — дейді «Рустикус» ЖШС директоры Асхат Барлыбаев.

Балалар алаңын орнатуға 20 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Сондай-ақ, кәсіпкер жұмысшыларына арнап екі пәтерлі үй тұрғызып жатыр.

Тағы оқыңыз: «Аю тас» лагерінде шалақындық ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x