Аттестат табыстау рәсімі 20-22 маусымда өтпек

Мектеп түлектеріне аттестат табыстау салтанаты маусымның 20-22 күндері өтеді. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл еліміздің білім саласында аздаған өзгерістер орын алып отыр. Атап айтсақ, енді соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады. Тиісінше, 31 мамыр күні оқу жылының соңғы сабағы өтеді. Айта кетсек, үстіміздегі жылы Қазақстанда 172 мыңнан астам шәкірт 11-ші, 288 мыңнан астам оқуші 9-шы сыныпты тәмамдайды. Министрлік ұл-қыздарға аттестат табыстау салтанатын 20-22 маусымда өткізуді ұсынуда.

«Атап өтерлігi, сынып сaғаттаpын, аттестат тапсыру, соңғы қоңырау шараларын өткізген кезде ата-аналардан аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдaстыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдауға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ, мектеп әкiмшілiгіне, педагoгтарға сыйлыққа ақша жинауға да тыйым салынған. Мұндай шаралар педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың aлдын алу мaқсатында жасалып отыр», – деді вице-министр.

Тағы оқыңыз:  Қозыбаев университетіне Үндістаннан жаңа медициналық құрал-жабдықтар әкелінді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x