1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерi өзгереді

2024 жылдан бастап елімізде жалақының және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері өзгереді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекет басшысы 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Заң БАҚ беттерінде жарияланды.
Аталған заңның 9-бабында жалақының жаңа жүйесі туралы айтылған. Яғни 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi өзгереді:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен
мөлшері – 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;
4) айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;
5) базалық əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда биыл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 1100-ден астам шағым түскен

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x