[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-06-at-14.18.27-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» admin_label=»Text» sticky_enabled=»0″]
Ментальді арифметика несімен пайдалы? Баланы ментальді арифметика үйірмесіне неше жастан берген дұрыс? Үлкендер жағы кішкентайлар сияқты жылдам ойлап, дұрыс жауап беруді меңгере алады ма? Бұл сұрақтарға Qazaqstan Media тілші жауап іздеді.
Бүгіндері әр баланың ыңғайына қарай үйірменің түрі көп. Бірі тіл үйретеміз десе, екіншісі — есеп шығаруға, ал үшіншісі спортқа машықтандырамыз дейді. Әрине, ұл-қызының жарқын болашағын ойлайтын кез-келген ата-ана баласын түрлі үйірмеге жазғысы келеді. Бірақ, соның қаншалықты қажеттілігі бар? Мектептегі, одан қалды үйірмедегі жүктеме жеткіншектердің денсаулығына зиян емес пе? Бұл сұрақты ментальді арифметика жүйесін зерттеген психолог-логопед Аяжан Әскероваға қойдық.
«Ментальді арифметика – арнайы жүйе. Ол логиканы, баланың бойындағы зейінді шоғырландыру, фотографиялық есте сақтау және өз-өзіне деген сенімділік сынды қасиеттерді дамытады. Осының арқасында бала кез келген арифметикалық есептерді калькулятордан бұрын дұрыс есептей алады. Мысалы, «527+373-763 жауап десе» бала бірден жауап береді. Осылардың барлығын қорыта келе арнайы жүйенің денсаулыққа еш зияны жоқ деген пікірге келеміз»,- дейді психолог-логопед Аяжан Әскерова.
Ал, баланы ментальді арифметика үйірмесіне неше жастан берген дұрыс? Психолог-логопед Аяжан Әскерова ментальді арифметика курстарында 4 пен 16 аралығындағы балалар оқытылатынын айтады. Бала 4 жасында сандарды есте жақсы сақтап, тез есептеуді үйренеді екен. Мұның әсері күнделікті өмірде де байқалатын көрінеді.
«Зейінді шоғырландыру және фотографиялық еске сақтау бір мезетте жаттығады. Соның әсерінен ақпарат сақталады. Ал егер зейінді шоғырландыру және фотографиялық еске сақтау бір мезетте дамымаса, ойлар есте қалмайды. Мысалы, бала мектептен үйге келген кезде мұғалім ештеңе айтпады, мен ештеңе түсінбедім деген жағдай болады. Бірақ, мұғалім бәрін де жақсылап түсіндірген болады. Бұл — ментальді арифметика курстары негізделген адам бойындағы қасиеттердің дұрыс дамымағандығының белгісі»,- дейді психолог-логопед Аяжан Әскерова.
Демек, ментальді арифметика баланы тез есептеуге ғана емес, ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтауға да машықтандырады. Ментальді арифметика жүйесін зерттеген психолог-логопед маман Аяжан Әскерова қаламыздағы курстарға үлкендердің де жазылуға болатынын айтады.
«Үлкендердің де үйренулеріне мүмкіндік бар. Бірақ, қарым-қабілет тез байқалмайды. Нәтиже де біраз уақыт өткесін көрінеді. Ол үшін көп жұмыс істеу қажет»,- дейді Аяжан Әскерова.
Сұхбат барысында Аяжан Әскерова ментальді арифметиканы үйренген бала өзге үйірмелерде де өзін жақсы қырынан көрсететінін айтты. Психолог-логопед маман ата-аналарды балаларын тіл үйрету курстарына 6-7 емес, 8-9 жастан жазғызуға кеңес береді.
[/et_pb_text][et_pb_image _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]