[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/200801396_1195821197534793_788910997185616675_n-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
18 жасқа дейінгі балалар азаматтығын ауыстырса, онда олар Ұлттық қордан қаражат ала алмайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың шотына түсетін ақшаға салық салынбайтынын айтты. 18 жасқа толған кезде баланың шотына Ұлттық қордан аударылған табысқа салық салу жоспарланбайды. Егер бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды және бұл қаражат басқа балаларға бөлінеді. Жобаға 6,5 млн бала қатысады.
«Бала шетелге емін-еркін шығып тұра алады, ол өзінің азаматтығын өзгертпесе, онда бұл ақша оған тиесілі болып қала береді. Сондай-ақ, егер 18 жасқа толған кезде ол әлі де ҚР азаматы болса, бұл ақша оған қалады”, — деді Әлібек Қуантыров.
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылады. 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шот ашылып, оларға жыл сайын қаражат түсіп отырады.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]