[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/photo1674637216-4.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қабырғасында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров пен Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысы мен Саха Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелері талқыланды.

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдіріп, Саха Республикасының инвесторларын өңірдегі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Айдарбек Сапаров Айсен Николаевқа  өңірдің экономикалық әлеуетін таныстырып, жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, сауда, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында өзара тиімді ұсыныстарын жеткізді. Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев бұл кездесудің өзара тиімді ынтымақтастыққа серпін беріп, барлық жоспарлардың жүзеге асуына негіз болмақ деді. Республика басшысы машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы және энергетика  саласындағы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Айдарбек Сапаров пен Айсен Николаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Саха Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Солтүстік Қазақстан облысы мен Саха Республикасы сауда, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт салаларында ынтымақтастық орнатуға ниетті. Атап айтқанда, бұл сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы инвестициялық қызметті дамыту және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x