Жомарт Асқаров СҚО ТЖД бастығы болып тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін енді  Жомарт Асқаров атқармақ. Оны бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында өңір активіне аймақ басшысы Ғауез Нұрмұханбетов таныстырды,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Жомарт Асқаров Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушысы болып тағайындалды. 41 жастағы полковник Қарағанды облысының тумасы. Ол Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық және аумақтық органдарында мол тәжірибе жинақтаған. Осы тағайындауға дейін Жомарт Асқаров төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы болды.

Айта кетейік, бұған дейін СҚО ТЖД Ерік Сарыбаев басқарды. Ол қыркүйек айының басында басқа қызметке ауысқан болатын.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында оқушыларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x