Солтүстікке көш: Бюджеттен бөлінген миллиардтар жымқырылды

Прокуратура органдары Оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныстандыру бағдарламасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына талдау жүргізді. Нәтижесінде 1 млрд теңгеден астам қаржының жымқырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тексеріс барысында прокурорлар жалған құжаттарды жасап азаматтарды қоныстандыру жолымен 1 млрд теңгеден астам қаражаттың жымқырылғандығын анықтады. Сондай-ақ бюджеттен бөлінген қаржы дұрыс пайдаланылмаған. Қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған. Ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған және тұруға жарамсыз не апатты ғимараттарға рәсімделген.

«Кейбір жағдайларда азаматтар өздерінің құжат бойынша қоныс аударылғанын білмеген де. Мұндай фактілер ШҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында анықталды. Ал Павлодар облысының Успен ауданында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкері арзан үйлерді тауып, қоныс аударушыларға жоғары бағамен сатуды ұсынып, мемлекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін өзіне қалдырып отырған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, орталықтың қызметкері үйқамаққа алынды. ШҚО-да қоныс аударушылар мен сатушылар арасында сөз байласу жағдайлары анықталды, олар мемлекеттік көмекті алу үшін жалған шарттар жасап, одан кейін бұл қаражатты бөліскен. Одан әрі азаматтар бұрынғы мекенжайларында тұра берген», — делінген ақпаратта.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында қоныс аударушы үйдің нақты бағасы мен мемлекеттен төленген қаражаттың арасындағы айырмашылықты иемденіп алған. Күдікті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығы шектелді.

«Жалпы прокурорлар 20 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастады. Тергеу барысында қатысы бар барлық адамдарды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу шаралары қабылдануда. Нормативтік актілердегі олқылықтарды жою және бағдарламаны іске асыруды бақылау жүйесін күшейту мақсатында үкіметке қадағалау актісі енгізілді», — деп көрсетілген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі ұсынған жазбада.

Тағы оқыңыз: 40 мың теңге үшін 10 жыл түрмеде отырады: Есірткі саудасымен айналысқан петропавлдық сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x