Петропавл ЖЭО мұржа 2025 жылдың қазан айында іске қосылады

Петропавл ЖЭО-да қираған мұржаның орнына салынып жатқан жаңа құбыр келер жылдың қазан айында іске қосылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетовтың төрағалығымен өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін облыс орталығында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды. Жиында соңғы кездері басы даудан арылмаған Петропавл ЖЭО-дағы мұржаның құрылысы жайлы да айтылды. Еске сала кетсек, 2022 жылдың наурыз айында кәсіпорындағы түтін мұржаларының бірі опырылып түсіп, үйінді астында қалған бір жұмысшы қаза тапқан болатын. Кейін мұндағылар құбырды толығымен бұзып, жаңасын сала бастады. Ол 2024 жылдың күзінде іске қосылуы тиіс еді. Алайда 2023 жылдың тамызында 30 метрге дейін көтерілген түтін мұржасы қисайып, қайтадан бұзылды. Ал бүгін өткен жиында мамандар құрылыс жұмыстары бір жылдан кейін толық аяқталады деп отыр.

«Биыл құрылыс жұмыстары 15-ші қарашаға дейін жүргізіледі. Осы уақытқа дейін түтін мұржасының 180 метрін салу жоспарда бар. Ал келер жылы мамыр айынын бастап қыркүйекке дейін қалған жұмыстар атқарылады. Яғни, бояу, сигналдық белгілер орнату сынды шаралар жасалады. Ал 2025 жылдың 1 қазанында мұржа іске қосылады», — деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.  

Жылыту маусымына түтін мұржасының жоқтығы әсер етпейді. Қалған екеуі жеткілікті дейді мамандар. Бірақ жаңа құбыр іске қосылғаннан кейін 2026 жылы тағы бір түтін мұржасы бұзылып, жаңасы салынбақ.

Тағы оқыңыз: Халықтық штаб мүшелері ақпараттық жұмыстарды бастап кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x