Петропавлда кәсіпкерден ақша бопсалады деп айыпталған блогерлер ақталды

Петропавлда кәсіпкерден ақша бопсалады деп айыпталған блогерлер ақталып шықты. Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қос блогер Сергей Сайко мен Роберт Подласов өткен жылдың күзінде ұсталған болатын. Оларға ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі, 2-тармағы және 194-баптың 4-бөлігі бойынша айып тағылған болатын. Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтті.

Сот процессі барысында Роберт Подласов пен Сергей Сайконың бірнеше жыл бұрын YouTube және Instagram әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, қаладағы супермаркеттерде рейдтер ұйымдастырғаны белгілі болды. Олар бүлінген тауарларды жариялап,  тұтынушылардың құқығын қорғамақ болған.

Бұдан соң блогерлер «Таткрафт-Инвест» ЖШС директоры Андрей Исаковпен кездесіп, осындай жазбаларды жарияламау үшін одан ақша талап еткен. Сөйтіп, олар кәсіпкерден ай сайын 200 мың теңге көлемінде қаржы алып отырған деді мемлекеттік айыптаушы сот процессі барысында.

Дәл осындай жолмен Роберт Подласов пен Сергей Сайко Magnum Cash & Carry сауда желісінің өңірлік басшылығынан да ақша бопсалаған. Олар өз әрекеттерін тоқтату үшін кәсіпкерден 50 млн теңге беруін талап еткен. Ал бизнесмен бұл туралы полицияға хабарлаған деп көрсетілген сот материалдарында.

Ал бүгін аталған іске нүкте қойылды.

«Роберт Подласов пен Сергей Сайконың кінәсі делелденген жоқ. Олардың үстінен қозғалған барлық айып алынып, Сайко мен Подласов сот залынан босатылсын», — деді судья Дастан Исмаилов. 

Тағы оқыңыз: Қоқыс шығару ережесін бұзғандарды бейнекамералар арқылы анықтап, жазалау керек – С. Мұхамедиев

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x