13 шілде мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғарғы білім министрлігі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Мемлекеттік грантқа құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады. Ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.
«ҰБТ-дан кейін грант конкурсына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:
— жеке куәлік;
— ҰБТ сертификаты;
— 3х4 көлеміндегі фото;
— орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом);
— жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
— B167 Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану БББТ үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек» — деп көрсетілген министрліктің хабарламасында.Тағы оқыңыз: Петропавлдағы №3 қалалық емханада науқастарды медбикелер қабылдай алады