Петропавлда 10 жасар бала маусымның 14-і күні суға батып кеткен болатын. Оның денесін құтқарушылар бір аптадан астам уақыттан бері іздеді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгін 10 жасар Умар Самухутдиновтың денесін құтқарушылар Қызылжар ауданының аумағында тапқан. Есіл өзеннің қатты ағысы оны қаладан 20 шақырымдай жерге алып кеткен.
«Бүгін сағат 15:45-те құтқарушылар Қызылжар ауданы Соколовка елді мекенінің маңында 2014 жылы туған баланың мәйітін тауып, шығарды. Өлім жағдайлары нақтыланып жатыр. Баланың денесі сот- медициналық сараптамаға жіберілді», — деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бір апта бұрын суға батып кеткен баланың денесін іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен волонтерлер жұмылдырылған болатын.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бір апта бұрын суға батып кеткен баланың денесі әлі табылған жоқ