Петропавлда құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен волонтерлер бір апта бұрын суға батып кеткен 10 жасар баланың денесін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қайғылы оқиға маусымның 14-і күні болған еді. 10 жасар бала ересектердің бақылауынсыз тыйым салынған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен. Бір аптадан бері құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен волонтерлер оның денесін іздестіріп жатыр. Бірақ әлі еш нәтиже жоқ.
«Құтқарушылар бірнеше күннен бері баланың денесін іздестіріп жатыр. Бүгін жұмыстар жалғасты. Таңертеңнен бастап облыстық ТЖД 12 қызметкері іске кірісті. Олар екі техника және дронның көмегімен іздеп жатыр. Сондай-ақ бізге полицейлер мен волонтерлер көмектесуде», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Қозыбаев университетіне жаңа ректор тағайындалды