Петропавлда бүтін бір отбасының өліміне кінәлі деп танылған үш адамға қатысты сот отырысы басталды

Петропавлда ерлі-зайыпты мен олардың 17 жасар ұлын өз үйінде қатыгездікпен өлтіргендерге қатысты сот отырысы басталды. Істі СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айдарбек Беккожинов қарастыруда, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға былтыр желтоқсан айында болған. Жұмысшы кентіндегі үйлердің бірінде үш адамның мәйіті табылды. Ол — ерлі-зайыпты Вадим мен Юлия және олардың ұлы Юрий Приходченко. Қаза тапқандардың бизнесі бар екен. Олар жерлеу рәсімін ұйымдастырумен айналысқан. Ал 17 жасар жасөспірім қаладағы мектептердің бірінің 11 сыныбында оқыған.

Кейін бұл іске қатысы бар деген күдікпен Данил Орлов және Сергей Емельянов ұсталды. Ол екеуі қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталып отыр. Ол — адам өлтіру және қарақшылық.  

Кейін аталған іске қатысы бар деген тағы бір азамат ұсталды. Ол  — Ирина Скоробогатова. Оның да жерлеу рәсімдерімен айналысатындығы белгілі болды. Оған ҚР ҚК 28 бабы 4 бөлігі (Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам айдап салушы деп танылады) бойынша айып тағылып отыр.  

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар Құрбан айтқа орай 17 маусым демалмайтын болды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x