СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесінің қызметкерлері колония аумағына тыйым салынған заттарды алып өту әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Көлікті бақылап өткізу пунктінде тексеру іс-шараларын жүргізу мақсатында қызметкерлер түзету мекемесінің аумағына ағаш тақтайшаларды әкелген көлікті тоқтатқан. Нәтижесінде, металл ыдыста жасырылған 11 телефон тауып алды.
«Тыйым салынған заттар рентген-телевизиялық қондырғы арқылы анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін одан әрі сотқа жіберу мақсатында, материалдар жинақталып жатыр», — делінген облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Еліміздің үш өңірінде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр