Петропавл-Жезқазған тас жолының су шайып кеткен учаскесі ашылды

Су басқан Петропавл-Жезқазған тас жолында көлік қозғалысы жанданды. Жол учаскесі бір айға жуық жабық болған еді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқыны салдарынан Петропавл-Жезқазған тас жолының Есіл ауданы Покровка елді мекені жанындағы жолды су шайған еді. Аталмыш жол учаскесі сәуір айының ортасынан жабық болған еді. Мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарға «Қазавтожол» АҚ Ақмола, Қарағанды облыстық филиалдарынан қосымша көмек жіберілді. Осылайша, екі аптаға жуық жөндеу жұмыстарынан кейін Есіл ауданы Покровка ауылының маңындағы республикалық маңызы бар жол учаскесінде көлік қозғалысына рұқсат берілді.

«Жол учаскесін ашқанымызбен жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Су бұзған жол учаскесін толық қалпына келтіретін боламыз», – деді «Қазавтожол» АҚ СҚОФ директорының орынбасары Қанат Өсербаев.

Тағы оқыңыз: Алтынбек Аусағитов тағы да «Қызылжар барысы» атанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x