Қаңтар-ақпан айларында СҚО-ға 94,6 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,8 пайызға көп. Алайда, инвестиция тарту жұмыстары бойынша бірқатар аудандарда теріс динамика қалыптасқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс әкімі инвестиция тарту жұмыстарын қолға алуды қатаң ескертті. Қазір облыста жалпы сомасы 620 млрд теңгеге 36 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Биыл 36 жобаның 15-і пайдалануға беріледі. Инвестиция көлемі шамамен 48 млрд теңгені құрайды. Тұрақты 1000 жұмыс орны ашылады.
«Инвестиция тарту бойынша бірқатар аудандарда теріс динамика байқалады. Мәселен, Ғ. Мүсірепов ауданында 85,5 пайызға, Мамлютта 40,2, Жамбылда 14,3 пайызға, Айыртау ауданында 11,8, Тайыншада 6,6, М. Жұмабаевта 4,6, Аққайыңда 4,3, Қызылжар ауданында 1,6 пайыз аз», — деді облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов.
Тағы оқыңыз:СҚО-да ет өндірісі 4,4 % азайған