«Қол қусырып отыратын кез емес» – Тасқыннан зардап шеккен петропавлдықтар

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың кейбірі қол қусырып отырмай, өзгелерге көмектесуде. Олар өзге өңірлерден жеткізілген гуманитарлық көмекті сұрыптап, оларды мұқтаж жандарға таратып жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ирина Притчина қазір су тасқынынан зардап шеккен 39 отбасыға қажетті азық-түлік пен керек-жарақты дайындап жатыр.

«Қол қусырып отыратын кез емес» – Тасқыннан зардап шеккен петропавлдықтар

Келіншек мұны туған-туысқандарын паналап жүрген жандарға таратады. Бір қызығы Иринаның үйін де су басқан. Бірақ петропавлдық қазір қол қусырып отыратын кез емес дейді.

«Қол қусырып отыратын кез емес» – Тасқыннан зардап шеккен петропавлдықтар

«Былтыр тамыз айында ғана үйімізге жөндеу жұмыстарын жасаған едік. Енді бәрі суда қалды. Қазір жұбайым және үш баламмен туысқандарымыздың үйін паналап отырмыз. Бір реттік өтемақыға құжаттарымызды тапсырдық. Ал үйімізге қандай шығын келгенін әлі айта алмаймын. Әлі суда тұр. Шатыры ғана көрінеді. Бірақ біз мойымаймыз. Қазір қол қусырып, жұртқа алақан жайып отыратын кез емес. Сондықтан біз аудан тұрғындарымен бірлесіп, гуманитарлық көмекті сұрыптап, таратуға көмектесіп жүрміз. Мен қазір «Газельге» тиелген жүкті зардап шеккендерге апарып беремін. Тұрғындар белгілікті бір жерге жиналады. Және сол жерден күнде келіп, өздеріне керек-жарақты алып кетеді. Солай жұмыс істеген бізге ыңғайлы», — дейді Ирина Притчина.

«Қарасай» стадионында орналасқан гуманитарлық көмекті тарату пунктіне Наталья Хан жетекшілік етеді. Мұнда жұмыс бір жолға қойылған.

«Қол қусырып отыратын кез емес» – Тасқыннан зардап шеккен петропавлдықтар

«Бұл жерде гуманитарлық көмек оңды-солды таратылмайды. Біз Заречный кенті, Ойқала және Былғары зауыты аудандарының әр көшесінен бір-бір адамнан таңдадық. Олар гуманитарлық көмекті тарату процессіне бақылау жасайды. Яғни, олар бізге қанша адамға не керек екендігін айтады. Ал біз сол тізім бойынша заттарды осы жерден жинап береміз. Қазір бізге тағы Косогор ауданы қосылды. Мұнда жұмыс істеп жүрген жандардың барлығы су тасқынынан зардап шеккендер. Сөйтіп олар бір-біріне көмектесіп жүр», — деді Наталья Хан.

Тағы оқыңыз: СҚО дәрігерлері бас миының аневризмасына ота жасады

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x