Айыртау ауданындағы Антоновка ауылында иіс тиіп уланып, сегіз баласымен ауруханаға жеткізілген келіншек үйіне жіберілді. Жансақтау бөліміне жатқызылған балалардың да жағдайы жақсарып келеді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

25 сәуір күні Qazaqstan Media редакциясы Айыртау ауданы Антоновка ауылында бүтін бір отбасының иіс тиіп уланып, ауруханаға жатқызылғандығын жазған болатын. Бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте олардың жағдайы туралы айтылды. Жанұя өңірімізге екі жыл бұрын Маңғыстау облысынан көшіп келген екен.

«Төтенше жағдай болған үйге олар 23 сәуір күні көшіп барған. Себебі, өздерінің үйлерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Сәуірдің 25 түнгі 2-де күйеуі от жағып, жұмысына кеткен. Ол жергілікті серіктестіктің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейді. Ал үйінде қалған әйелі пешті дұрыс пайдалана алмай, иіс тиіп уланып қалған», — деді СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Иіс тиіп уланған отбасын таңертең жұмыстан үйіне  келген отағасы құтқарған. Қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы. 1990 жылы туған келіншек үйіне жіберілді. Ал кәмелет жасқа толмаған сегіз баланың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Бүгін олар да терапия бөліміне ауыстырылды.

Бұл отбасы көпбалалы ретінде ТЖД қызметінің бақылауында тұр.

Тағы оқыңыз: Шал ақын аудандық ауруханасында 32 млн теңгенің заң бұзушылығы анықталды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x