Петропавлда «Таза бейсенбілік» акциясы басталды

Петропавлда 1000-нан астам адам қаланы тазалауға  шықты. «Таза бейсенбілік» акциясына қатысқандар көшелерді қоқыстан тазартып, саябақтарды ретке келтірді,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Таза бейсенбілікке шаққандардың қатарында облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері және белсенді қала тұрғындары бар. Олар Петропавл көшелерін  қоқыс пен жапырақтардан тазартып, жаяу жүргіншілер жолы мен жасанды  көгалдарды ретке келтірді.

«Күн жылынғалы мен екінші рет осындай тазалық іс-шарасына қатысып тұрмын. Қоршаған ортамызды, қаламызды тазалықта ұстау өте маңызды. Қаламыздың көркейуіне де біз осылай өз үлесімізді қоса аламыз», – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкері Милана Тимакова.

Тағы оқыңыз:Қ.Тоқаев: Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x